04 сәуір 2016 12:47

"Келін" сериалының жұлдызының өліміне қатысты жаңа деректер жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bollywoodpapa.com © bollywoodpapa.com

Үндістанның "Келін" телесериалында басты рольде ойнаған танымал актрисасы Пратюша Банерджи суицидке қаржылай проблемалар мен махаббатағы сәтсіздіктерден барған болуы мүмкін. The Indian Express және IndiaToday басылымдары Үндістанның басты "келінінің" суицид жасауының негізгі нұсқаларын атады.


Үндістанның "Келін" телесериалында басты рольде ойнаған танымал актрисасы Пратюша Банерджи суицидке қаржылай проблемалар мен махаббатағы сәтсіздіктерден барған болуы мүмкін. The Indian Express және IndiaToday басылымдары Үндістанның басты "келінінің" суицид жасауының негізгі нұсқаларын атады.

Пратюша Банерджидің өлімі жайлы жаңалықты ақпарат құралдары 1 сәуірде кешкі уақытта хабарлады. 24 жастағы актриса өз үйінде асылып қалған, оны бірінші болып сүйіктісі Рахул Сингх тапқан. Жас актер оны ауруханаға жеткізген, алайда Банерджидің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. 

Қайғылы оқиғадан кейін полицейлер тергеуді бастады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қыздың өлімінің негізгі себептерінің бірі - жеке қаржылай проблемалар. Қазіргі уақытта Пратюша Банерджидің банктегі есепшоттары тексеріліп жатыр және алдын ала мәлімет бойынша оның қарызы көп болған. 

"Біз Банерджидің банктегі есепшоттарын тексеріп жатырмыз. Банерджилер әулеті қыздың ақшасы көп болмағанын айтты, себебі оның тұрақты табысы болмапты. Полиция Банерджидің қандай кредит алғанын тексереді. Рахул Сингх Банерджидің кредитін төлеп беру үшін үлкен сомада қаржы аударғанын айтты", - деп мәлімдеді Мумбай полициясының офицері.


© india.com

Қыздың өлімінің себебі деп жеке өміріндегі мәселелер аталып отыр. Пратюша Банерджидің достарының айтуынша, Рахул Сингхпен қарым-қатынасы нашарлап, олар айырылысу алдында болыпты. Актрисаның жақын досы Рахулдың Пратюшаны қоғамдық орындарда да ұрып-соққанын айтты.


© india.com

"Рахул соңғы уақытта оның көзіне шөп салған. Қайғылы оқиғаның алдында Пратюша Рахулдың бұрынғы сүйіктісімен жанжалдасқанын айтты. Біз мұның барлығын полицияға хабарлаймыз, барлық нұсқаны тексеру керек. Ол қаржылай проблемалардан да суицид жасаған болуы мүмкін. Алайда оның бойы аласа болса, қалай асылып қалады?", - дейді қыздың жақын достары.

Айта кетейік, марқұмның жігіті Рахул Сингх оны ауруханаға жеткізгеннен кейін жоғалып кеткен. Бірақ сенбі күні полицияға өзі барып, 14 сағат бойы одан жауап алынды. Ал дүйсенбі күні ол кеуде тұсының ауырғанын айтып, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның басына қан кеткен болуы мүмкін деген болжамын да айтты.


© india.com

Ал Рахул Сингхтың достары жұптың 14 сәуірде, бенгал Жаңа жылы тойланатын күні үйленуді жоспарлағанын айтып берді.

Еске салайық, Пратюша Банерджи 1 сәуірде (Pratyusha Banerjee) өз үйінде өлі күйінде табылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети