24 мамыр 2017 16:05

Қытай қалалары Димаш Құдайбергенді LED-экраннан құттықтап жарысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай қалаларындағы Димаш Құдайберген бейнеленген led-экрандар Қытай қалаларындағы Димаш Құдайберген бейнеленген led-экрандар

Димаш Құдайбергенге жер жүзінен сыйлық жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады. 24 мамыр - Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші 23 жасқа толып отыр. Қытайдың жанкүйерлері қазақстандық әншінің туған күнін бір апта бұрын бастап кеткен. 


Димаш Құдайбергенге жер жүзінен сыйлық жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады. 24 мамыр - Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші 23 жасқа толып отыр. Қытайдың жанкүйерлері қазақстандық әншінің туған күнін бір апта бұрын бастап кеткен. 

Шаримовтың айтуынша, қазақстандық әншіге Индонезиядан, Қытайдан, Еуропа елдерінен, Қазақстаннан, тіпті АҚШ-тан сыйлықтар келіп жатыр. Редакциямызға келіп түскен видеолардың бірінен мамырдың 24-ін білдіретін 524 раушан гүлінен жасалған гүлді көруге болады.

Шаримовтың айтуынша, Қытайдың барлық қаласында үлкен LED-экрандардан Димашты құттықтау видеолары көрсетіліп жатыр. Мәселен, төмендегі видеода көрсетілген экран Гуанджоу қаласында тұр екен.

Ал төмендегі видеода Бейжің қаласындағы экран.

Тағы бір қаладағы экран:

Бейжіңдегі көрініс:

Ал мынау Шенжен қаласындағы экран. 

Қытайдағы тағы бір қаладағы LED-экран:

Ал Димаш Құдайберген тоқтаған қонақүйдің алдында осындай сыйлық қойылған екен. "Гүлдер көп келіп жатыр. Онлайн Димаш фан-клубының гүл шоғы. Басқа да фан-клубтар әншіне түрлі сыйлықтарын әкеліп жатыр", - дейді Шаримов. 

Шаримовтың айтуынша, сыйлықтардың ішінде The Singer жобасындағы түрлі образдары бар ойыншықтар да бар екен.

Димаштың атындағы брелоктар мен телефонқаптар жетерлік.

Таңғалдырған сыйлықтардың бірі - Димаштың түрлі образы тізбеленіп бейнеленген 14 метрлік суреті екен.

Ал Димаштың алматылық фан-топтары да қалысар емес. Келесі видеода қазақстандық фан-топтардың туған күнді қалай атап өтіп жатқанын көруге болады.

"Димаштың туған күнін атап өтуге 40-қа жуық Алматы Dears қатысты. Бұл идея Димаш "Мен əншімін" жобасына қатыса бастағаннан бері пайда болған. Алғашында Қазақстан Dear-лары бас қосып, жалпы жоспарларды талқылаған болатын. Сол бекітілген жоспар бойынша барлық Қазақстан dear-лары əр қала бойынша іс-шаралар жүргізуді ұйғарды. Біздің жоспарда көп іс-шаралар бар. Оның ішінде осы Димаш Құдайбергеннің туған күнін атап өту болатын. Аталған іс-шараны ұйымдастыру мақсатымыз - қазіргі күнде халықаралық танымал əнші Димаш Құдайбергенге өзіміздің махаббатымызды, елінің жылуы мен қазақ елінің шуағын сыйлау еді. Биылғы жылғы туған күні басқа жылдардан өзгерек болғанын қаладық. Қандай жағдайда Алматыға келіп жатса, Дүлдүл Димаш, біз əрқашан бар жылуымызды сыйлап қарсы алуға бармыз. Аталған іс-шара қаланың қақ ортасындағы Арбатта орналасқан Кангнам кафесінде ұйымдастырылды. Ұйымдастыруға белсенді атсалысқан dear-лар: Мөлдір, Арайлым, Нұрсұлтан, Дана, Гүлдана, Айжан, Шырайлым, Аида, Ақбота, Саламат, Балжан, т.б.", - дейді алматылық Dears @dimash_vernyi атты жанкүйерлері.

Димаштың суреттері автобустарға да ілініпті.

Бүгін Димаштың қатысуымен кеш өтеді екен. Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайберген бұл шарада ән салады. Төменде бүгін өтетін кештің постері. Бұл шара - Бейжіңдегі әлемдік фан кездесу Surprise night Тосын сый кеші екен.

Ал бұған дейін әйгілі әнші Лара Фабиан мен актриса әрі модель Ева Лонгория қазақстандық әншіге видеоқұттықтау жолдаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети