25 желтоқсан 2014 00:17

Қытайда Мейрамбек Бесбаевтың "сыңары" тұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейрамбек Бесбаев пен Бақыткелді Мақашұлы. ©instagram.com/bakiytkeldi Мейрамбек Бесбаев пен Бақыткелді Мақашұлы. ©instagram.com/bakiytkeldi

Қытайдан белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың "сыңары" табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оның өнердегі серігі Қайнар Бәзілжанұлына сілтеме жасап. 


Қытайдан белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың "сыңары" табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оның өнердегі серігі Қайнар Бәзілжанұлына сілтеме жасап. 

Дауысы да, түр-сипаты да Мейрамбек Бесбаевтан аумайтын әншінің аты-жөні - Бақыткелді Мұқашұлы. Ол 1989 жылы Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялық облысының Шапшал-Сибо ауданында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қытайдың Үрімжі қаласында тұрады. Мұқашұлы 2008 жылы Қайнар Бәзілжанұлы, Санат Тұрсынбақытұлы деген өнерпаздармен бірлесіп, "Гәкку" атты топ құрады, екі альбомды жарыққа шығарады ("Жаңаарқа", "Басқа жыл"). Алайда бұл топ бір мүшесінің Қазақстанға көшуіне байланысты тарап кетіпті.

Бақыткелді Мұқашұлымен "Гәкку" атты топта бірге өнер көрсеткен әнші Қайнар Бәзілжанұлы Tengrinews.kz тілшісіне Мейрамбек Бесбаевтың жас "сыңары" туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Бақыткелді Мейрамбекке бала кезінен еліктеген. "Бақыткелдінің дауысы шын мәнінде Мейрамбек ағамыздың дауысына ұқсайды. Өзі домбыра да шертеді. Жүріс-тұрысы, қимылын сахнадан көргендер Бесбаев екен деп қалатынын ылғи айтып жүреді", - деді ол.

Айта кетейік, Бақыткелдінің арнайы музыкалық білімі жоқ. Қазір ол "Дос" деп аталатын топта әнші Жәнат Нұрсұлтан есімді жігітпен бірге ән орындайды. Әлеуметтік желідегі фотосуреттеріне қарағанда, Бақыткелді өзінің сүйікті әншісімен өмірде жүзбе-жүз кездескен.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети