17 наурыз 2014 12:42

Маңғыстаулық ару Гүлнәз Жоланова "Қазақ аруы-2014" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақ аруы - 2014" байқауының жеңімпазы Гүлнәз Жоланова. Фото Алтынай Жумжумина "Қазақ аруы - 2014" байқауының жеңімпазы Гүлнәз Жоланова. Фото Алтынай Жумжумина

Астанада "Қазақ аруы" байқауы болып өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақ аруы атағын (гран-приді) 20 жастағы Маңғыстаулық Гүлнәз Жоланова иеленді. Бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны Аяулым Ерғазы жеңіп алды. Ал екінші орын Маңғыстау облысының тұрғыны Ұлпан Нұрмановаға, үшінші орын - Астана қаласының 17 жастағы тұрғыны Гүлмарал Қажыханға бұйырды. Елдің ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Бұл сайыста тек ең сұлулар ғана іріктелген жоқ, сонымен бірге талантты, ең бастысы, өз халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, тарихы мен мәдениетін жақсы білетін жас қыздар таңдалды. Айта кетейік, бұл байқау елімізде төртінші рет өткізілгенімен, елордада бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін бұл сайыс Алматыда өткізілген. "Бізде байқаудың ережесі өзгертілмейді. Мұндай байқау әлемде жалғыз ғана болуы мүмкін. Бізде арулардың интелектуалдық деңгейіне басымдық берілген. Қыздарға әдебиеттен, тарихтан, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан 40 сұрақ берілді. Олар бұл сұрақтың барлық жауабын білуі тиіс, өйткені нақты қай сұрақ келетінін олар алдын ала білмейді",- дейді байқаудың ұйымдастырушысы Баян Есентаева. Сонымен бірге қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әсерлі сәнді би билеп, Қазақстанның эстрада жұлдыздарымен бірге дуэт болып ән айтты. Залдағы көрермендер шапалақ ұрып, оларды қолдап отырды. Ал театрлық монологта кейбір көрермендер көзіне жас алуға мәжбүр болды. Гүлмарал Қажыханның монологты тірі бүркітпен орындауы көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Байқаудың тағы бір ерекшелігі, арулар Қазақстан дизайнерлерінің сәнді киімімен жүріп өтті. Бұл жылы конкурсқа қатысушыларға көйлекті "Jaka Fashion" сән үйінің суретші-дизайнерлері Аида Кәуменова, Малика Усупова және Наиль Байкучуковтар тігіп берген. "Jaka Fashion" сән үйінің дизайнері Жанна Шопанованың Гүлнәз Жолановаға тігіп берген киімі ең жарасымды болып танылды. Конкурстың ережесі бойынша, Гүлнәз осы көйлектің бақытты иеленушісі атанды. Байқаудың әділқазылар құрамына сәнге, өнерге тікелей қатысы бар түрлі салада қызмет ететін танымал тұлғалар енді. Нақты айтсақ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей, Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, продюсер Баян Есентаева, дизайнер Аида Кәуменова, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және басқалар қыздардың өнерін бағалады. Еске сала кетейік, өткен жылғы "Қазақ аруы" атағына қызылордалық Әйгерім Қанатбаева лайық деп танылған болатын. Ол кезде бірінші орынды елордалық Аяулым Мақсұтова, екінші орынды семейлік Сымбат Төлегенова иеленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети