18 тамыз 2014 16:12

"Мисс Бикини СНГ-2014" байқауына Қазақстаннан үш қыз қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диана Кеңесова. Фотосуреті жеке мұрағатынан Диана Кеңесова. Фотосуреті жеке мұрағатынан

"Мисс Бикини СНГ-2014" халықаралық сұлулық байқауына Қазақстаннан үш қыз қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.


"Мисс Бикини СНГ-2014" халықаралық сұлулық байқауына Қазақстаннан үш қыз қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Конкурстың бас жүлдесіне қарағандылық Диана Кеңесова, теміртаулық Әдия Ізбасарова және қостанайлық Оксана Клочкова таласатын болады. Бұл қыздардың ұлттық және халықаралық сұлулық байқауларына қатысудан тәжірибесі бар. 

18 жастағы Диана Кеңесова 2013 жылы "Қарағанды аруы" аймақтық байқауында жеңіп шыққан. Кейін "Қазақстан аруы" байқауына Қарағандының атынан қатысып, "Көрермендер көзайымы" сыйлығы мен "ІІІ вице-мисс" атағын иеленді.

Қостанайлық Оксана Клочкова - MISS 7 Continents-2010 байқауының жеңімпазы.

Әдия Ізбасарова 2013 жылы Top Model Asia байқауында ең әдемі ару атанған.

"ТМД-ның Бикини аруы" байқауының ақтық сайысы 22 тамызда Ыстықкөлде өтеді, оған Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Ресей, Әзірбайжан, Молдова, Беларусь елдерінен барлығы 19 ару қатысады. Сайыс бес кезеңнен тұрады: сәлемдесу, ұлттық киім үлгілерін көрсету, суға шомылатын костюммен сахнаға шығу, кеш көйлектерін және дизайнерлік киімдерді көрсету. Жеңімпаз ару 5000 доллар ақшалай сыйлықты иеленеді. Еске сала кетейік, 2013 жылы бұл байқауда алматылық Фарида Мәлік жеңімпаз атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети