15 маусым 2014 10:12

Никита Пресняков пен Аида Қалиева ажырасып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Никита Пресняков және Аида Қалиева. ©Тengrinews.kz Никита Пресняков және Аида Қалиева. ©Тengrinews.kz

Никита Пресняков пен Аида Қалиева ажырасып кетті. Бұл туралы қазақ қызының Instagram-дағы жеке парақшасында жазылыпты. 


Никита Пресняков пен Аида Қалиева ажырасып кетті. Бұл туралы қазақ қызының Instagram-дағы жеке парақшасында жазылыпты. 

Қалиеваның жеке парақшасына тіркелгендердің бірі одан ресейлік эстрада примадоннасының немересімен арадағы қарым-қатынасы жайлы сұраған. Қыз өз кезегінде оған былайша жауап қатыпты: "Біз ажырап кеткенбіз әрі әрқайсысымыз басқа біреумен бақыттымыз". Ал ажырасу себебіне қатысты сауалға  Аида жауап бермеуді жөн көріпті. Жуырда Никита Пресняков әлеуметтік желіге басқа бір қызбен түскен суретін орналастырған, кейбіреулер оны жаңа ғашығына жорыпты. Суретте ол Алена Краснова деп көрсетілген.

Никита Пресняков пен Аида Қалиева бірнеше жыл бұрын Нью-Йоркте танысқан болатын. Алғаш рет екеуі  қалың қауым алдына, Тимур Бекмәмбетовтың жаңа фильмінің тұсаукесер рәсімінде - 2010 жылы қол ұстасып шыққан. Сол кезде ғаламторда қос ғашық әне-міне шаңырақ көтереді деген қауесет өріп кеткен еді, алайда жас жігіт өздерінің сөз байласқандары туралы мәліметті 2013 жылдың сәуірінде бір-ақ нақтылаған. Никита Дубайда, "су астындағы кешкі аста" ғашығына қолы мен жүрегін ұсынған. Қолында "Никитаға күйеуге шығасың ба?" деген жазуы бар тақташа ұстаған аквалангист екеуінің қасына жүзіп келген. Қыз үнсіз келісімін берген. Той уақыты туралы ол кезде жарияланбаған еді, ғашықтар өзіне деген көптің қызығушылығы басылғанда үйленуді жоспарлаған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети