11 наурыз 2022 09:03

"Отпетые мошенники" тобының солисі өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/tomchaos © instagram/tomchaos

Мәскеу түбінде "Отпетые мошенники" солисі Вячеслав Зинуров өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "СтарХитке" әртістің жақындары хабарлаған.


Мәскеу түбінде "Отпетые мошенники" солисі Вячеслав Зинуров өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "СтарХитке" әртістің жақындары хабарлаған.

50 жастағы әншінің өкілдерінің айтуынша, 10 наурызда екі сұхбаты жоспарланған, бірақ түстен кейін әртіс байланысқа шықпаған. Музыканттың туыстары қайғыдан қан жұтып отыр.

Baza телеграм-арнасының мәліметінше, орындаушы өзіне қол жұмсаған. Солистің денесін Дмитров ауданындағы Капорки ауданында Зинуровтың үйінен көршісі тапқан. Музыканттың әпкесі оған қоңырау шалып, ала алмаған соң көршісінен мән-жайды білуді сұрапты. Ер адам үйге кіріп, Зинуровтың асылып қалған денесін тапқан.

Өзіне қол жұмсаудың алдын ала себебі деп ауыр күйзеліс аталып отыр. Оның туыстары мен достары 2021 жылы Вячеслав тағы бір солист Сергей Амораловпен қаржы мәселесінде келіспей топтан кетіп қалғанын айтып берді. Зинуровтың сөзінше, Аморалов оны алдап, оған көп ақша қарыз болған.

Зинуров топтан кеткеннен кейін жеке шығармашылығымен айналысқан, бірақ былтырғы қазаннан бері ешқандай да концерті болмаған, Вячеслав осыған байланысты қатты күйзеліске түскен. Туыстарының айтуынша, Зинуров алкогольге де, есірткіге де жоламаған.

"Отпетые мошенники" тобы 1996 жылы құрылған. Оның қатысушылары Вячеслав Зинуров, Сергей Аморалов және Гарик Богомазов. Топ 2000-жылдардың басында танылған. Ең көп танылған әндері "Люби меня, люби", "Девушки бывают разные", "А у реки".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SUPER (@super.ru)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети