23 желтоқсан 2017 16:16

Радиостанция Төреғали Төреәлінің әндерін эфирден алып тастайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kipyat.com © kipyat.com

OrdaFM радиостанциясы концертте болған даудан кейін Төреғали Төреәлінің әндерін эфирден алып тастайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде радионың директоры Азамат Исаев әлеуметтік желіде мәлімдеді. "Я директор OrdaFM официально заявляю, что после вчерашнего инцидента с певцом Торегали Тореали, мы с коллективом решили снять с эфира все его песни, до того как артист не принесет публичные извинения жителю города Павлодар, где проходил концерт", - деп жазды Исаев Twitter желісінде.

Сонымен қатар, Жұлдыз FM радиостанциясының қызметкерлері әнші бұл оқиғаға қатысты ресми түсінік бергенше ешқандай шешімді қабылдамайтындарын айтты. "Әзірше ешқандай шара қолданбаймыз, оның түсінік бергенін күтеміз. Бәріміз де қателесеміз. Не болды? Қалай болды? Неліктен? Бұл әлі расталған жоқ, алдымен анықтап алу керек, содан кейін шешім қабылдаймыз", - деді Жұлдыз FM радиосының бағдарламалық директоры, әрі жүргізушісі Жасұлан Қали.

Еске сала кетейік, бұған дейін әншіге қатысты даулы видеоның әлеуметтік желіде тарап жатқаны хабарланған болатын. Видеода әнші сахнада тұрып, залда отырған көрермендердің бірімен дөрекі сөйлескен. Кейін ол бұған қатысты пікірін айтып, бір сөзбен "өтірік" деді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети