20 сәуір 2015 16:08

Тоқтар мен Бейбіт егіз ұлды болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Instagram.com/saken_maigaziyev ©Instagram.com/saken_maigaziyev

Қазақстандық танымал дуэт Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева егіз ұлды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "МузАрт" тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиевке сілтеме жасап.


Қазақстандық танымал дуэт Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева егіз ұлды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "МузАрт" тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиевке сілтеме жасап.

Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында өнердегі әріптесін құттықтап, жылы лебізін білдірді. "Тоқаш досым, 3 ұлдың әкесi атанғаның құтты болсын! Ұлдарың өзiңнен өте тусын. Алла тағала Бейбiт екеуiңе баянды ғұмыр бергей", - деді әнші өз парақшасында. Сонымен қатар, "Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов та бірінші болып құттықтағандар арасында болды. Өнердегі әріптесіне ол "Алла тағаланың шеберлілін-ай. Тоқтар ағамыздың шаңырығында үлкен қуаныш. Шекесі торсықтай егіз ұл өмірге келді. Бейбіт жеңгемен бақыттарыңыз баянды болсын! Тіл-көзден аман болыңыздар!", - деп тілек білдірді Әбдірайымов.

Естіріңізге сала кетейік, 2007 жылы отбасын құрған Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның Беколжас есімді ұлдары бар. 

Тоқтар Серіков Беколжас есімді ұлымен

Әнші Бейбіт Сейдуалиева

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети