26 қаңтар 2015 17:55

Тұрсынбек пен Заттыбекке ән арнаған қыздың кім екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рэпер қыз Сәнім Әлбосынова. ©Youtube желісінен алынған кадр. Рэпер қыз Сәнім Әлбосынова. ©Youtube желісінен алынған кадр.

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы мен сықақшы Тұрсынбек Қабатовқа ән арнаған қыздың продюсері, танымал рэпер Шыңғыс ШYNGYS Әлкеев бейнебаянға байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Заттыбек Көпбосынұлы мен сықақшы Тұрсынбек Қабатовқа ән арнаған қыздың продюсері, танымал рэпер Шыңғыс ШYNGYS Әлкеев бейнебаянға байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрсынбек пен Заттыбек" деп аталатын әнді, шын мәнінде, 19 жастағы Сәнім Әлбосынова орындайды. Бұған дейін әнді 16 жастағы қыздың орындайтыны хабарланған еді. Шыңғыс Әлкеев бейнебаянның PR-қадам болғанын айтты. "Жасыратын ештеңесі жоқ, бұл PR-қадам болды. "Неге кішкентай қыз үлкен кісілерге ғашық болды?" деген сұрақтар туып жатыр. Егер ол жас әншілерге ғашық болса, халықтың назары бұлай аумас еді. Заттыбек пен Тұрсынбекке арналған ән жұртқа таңсық болады. Назары бірден ауды. Әрине, әзіл ретінде жасалған", - деді рэпер.

"Ал айтылып жатқан сынға келер болса, бейнебаянда қыздың денесінің "қатты ашылып қалған" түгі де жоқ. Алматылық қыздар күнделікті қалай киінсе, Сәнім де солай киінді. "Омырауын ашты", "Ашық-шашық киініп жүрді" деген сөздер айтылып жатыр. Отандық FM сияқты әншілер одан да ашық-шашық, іш киіммен түседі. Сондықтан бұл жерде аса бір таңсық көретіндей жаңалық аштық деп ойламаймын", - деді Сәнімнің продюсері.

Мәтінде айтылған "Барлық альбомыңызды сатып алдым, Сіздің бір ғана альбомыңыз бар" немесе "Әзіліңіз күлкілі болмаса да күле берем" деген сөздер жайлы сұраққа ол мұның барлығы да әзіл екенін, бірақ түсінген адамға сыни астардың да жоқ емес екенін мәлімдеді. "Сәнімнің мәтініндегі сөздерді өзіндік сын деп те қабылдауға болады. Тұрсынбек ағамыздың барлық әзілінің өте бермейтіні бар. Ал жалпы алғанда, бұл - әзіл мен PR ретінде шығарылған бейнебаян", - деді продюсер.

Әншінің өкілінің пікірінше, бұл әзіл әнді Заттыбек Көпбосынұлыға қарағанда, Тұрсынбек Қабатов дұрыс түсінуі мүмкін. "Сатирада жүргендіктен әзілге дұрыс көзқараспен қарайды деген ойдамыз. Заттыбек ағамыз мүмкін ренжіп те қалар, ренжімейтін де шығар. Білмейміз", - деді ол.

Әлкеевтің айтуынша, Сәнім Талдықорған қаласындағы оқу орнын есепші мамандығы бойынша бітірсе де, өнер жолына бет бұрып, қазіргі уақытта алдына үлкен жоспарлар құрған. Қыздың 30-ға тарта әні жинақталған екі альбомы бар. Жас рэпер осыған дейін Талғат Жорабаевпен бірге ән салған, таяуда оның бейнебаяны да жарыққа шығады.

"Сәнім - Қазақстанда рэппен тұрақты айналысып жүрген жалғыз қыз. Алдағы уақытта "Қазақтың бойжеткені" және "Қазақ қызы" деген әндерге бейнебаян түсіріледі", - деді ол.

Еске сала кетейік, Сәнім есімді рэпер қыз шоумен, актер, Қазақстан КВН құрамасының мүшесі, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Заттыбек Көпбосынұлына бейнебаян арнаған болатын. Бейнероликті Jan Axmadiev деген қолданушы Tengrinews.kz редакциясына жолдады. Бейнебаян шыққаннан кейін Youtube желісінде бір тәулікте 25 мыңға жуық көрілім жинап, Интернетте қызу пікірталас туғызды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети