18 наурыз 2017 18:53

Витас та, продюсері де Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуіне қатысты шағым түсірмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Martu.ru © Martu.ru

Сергей Пудовкиннің продюсерлік орталығы қытайлық телеарнаға, қытайлық компанияға немесе әртістерге қатысты шағым түсірмеген. Бұл туралы Видастың продюсері Сергей Пудовкин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сергей Пудовкиннің продюсерлік орталығы қытайлық телеарнаға, қытайлық компанияға немесе әртістерге қатысты шағым түсірмеген. Бұл туралы Видастың продюсері Сергей Пудовкин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Витастың мүддесін қытайлық адвокаттар конторасы қорғайды екен. Бұл контора қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің I am a Singer байқауында "Опера №2" әнін орындауына байланысты шағым түсірген. 

"Мен шағым түсірген жоқпын. Витас та шағымданбаған. Шын мәнінде менің келісімім бойынша менің қытайлық серіктесім болып келетін компания шағым түсірген. Бұл компания ҚХР территориясында интеллектуал мүлікті қорғаумен айналысады. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл заңбұзушылық осы мемлекеттің территориясында болды. Сондықтан сол елде осындай процесс жүргізіліп жатыр. Нәтижесін бірге көреміз", - деді Пудовкин.

Еске салайық, Витастың өкілдері шағымды Hunan арнасының үстінен түсірген. Оған Димаш Құдайбергеннің I am a Singer байқауында "Опера № 2" әнін айтуы себеп болған. Әзірше телеарна бұған қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Ал Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері Алпамыс Шаримов бұл әнді орындау конкурс режиссерінің таңдауы болғанын хабарлаған. Ал кейін даусын ресейлік әншімен салыстырғандарға Димаш Құдайбергеннің өзі жауап берген. "Мен "Екінші Витас" емеспін!" деп мәлімдеген еді Димаш Құдайберген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети