21 шілде 2022 09:27

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты тарихында алғаш рет алтын медаль алды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Reuters©

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл Орегондағы (АҚШ) әлем чемпионатында болды. Тарихи жетістіктің авторы - қазақстандық спортшы Нора Джеруто. Ол 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бірінші орын алды. Ол қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп шықты.

Осылайша, Қазақстан жеңіл атлетикасы тарихында әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль иеленді. 

Реклама
Реклама

Екінші және үшінші орындарды Эфиопия өкілдері Веркуха Гетачью (8:54,61) мен Мекидес Абебе (8:56,08) иеленді.

Еске салайық, Кенияның тумасы Джеруто Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. 2022 жылы ол әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға ресми рұқсат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram