15 тамыз 2022 08:49

Қазақстандық жүзушілер Ислам ынтымақтастық ойындарында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі алтын жүлде қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі алтын жүлде қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суға жүзушілер Әділбек Мусин мен София Әбубәкірова алтыннан алқа тағынды. Олар баттерфляй стилінде 100 және 50 метрлік жеке қашықтықта өнер көрсетті.

Әділбек 53,20 секундпен, Әбубәкірова 27,17 секунд көрсеткішпен бас жүлдені жеңіп алды.

Реклама
Реклама

Финалға тағы бір қазақстандық Данэлия Дю шықты. Ол 28,34 секунд көрсеткішпен бесінші болып мәреге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram