20 ақпан 2020 09:17

Лондон тұрғыны Тоқаевқа үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гуляйм Марторано есімді Лондон тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында Оралдағы жатақханада тұрған бұрынғы балалар үйінен шыққан тәрбиеленушілердің өмірі туралы жазба жариялады. 


Гуляйм Марторано есімді Лондон тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында Оралдағы жатақханада тұрған бұрынғы балалар үйінен шыққан тәрбиеленушілердің өмірі туралы жазба жариялады. 

Жазба авторы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, одан қоғамның "қорқынышты жағдай мен антисанитарияға, сондай-ақ бала құқықтарының бұзылуына" назар аударуын сұраған. Жазба бірнеше күннің ішінде мыңдаған қаралым жинап, көптеген пікір жазылған. 

Алайда "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің тұрғындары оларға барлық жағдай жасалғанын айтқан. Барлығы отбасылы болып, үй кезегінде тұрған көрінеді. 

36 жастағы Рауза Кушалиеванің сөзінше, ол "Шаңырақ" үйінде 2010 жылдан бері ұлымен тұрады. 2011 жылы үй кезегіне тұрған ол қазір 640-орында. 

"Шаңырақ" үйінде бұрынғы балалар үйінен шыққан 112 тәрбиеленуші тұрады, оның ішінде 35-і отбасылық жұп және 15-і жалғызбасты ана. Одан бөлек, жатақханада 84 бала ата-анасымен тұрады, оның 37-сі мектеп оқушысы. Мекеме директоры Үмітбай Қалымбетовтің сөзінше, жатақхана 106 адамға арналған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети