19 желтоқсан 2014 22:33

Massaget.kz "Халықтың сүйіктісі" жүлдесінің лауреаты атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Massaget.kz "Халықтың сүйіктісі" жүлдесінің "Жалынды интернет-басылым" аталымында лауреат атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл премияның авторы әрі ұйымдастырушысы - қазақстандық белгілі қоғам қайраткері, "Республика-Өңір-Даму" қорының президенті Ғалым Байтоқ.


Massaget.kz "Халықтың сүйіктісі" жүлдесінің "Жалынды интернет-басылым" аталымында лауреат атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл премияның авторы әрі ұйымдастырушысы - қазақстандық белгілі қоғам қайраткері, "Республика-Өңір-Даму" қорының президенті Ғалым Байтоқ.

Сайт редакторы Мейіргүл Оңғарова сайттың керемет даму жоспары барын айтты. Ол сайтта қазақ тілінде түрлі тақырыпта жаңалықтар жарияланатынын жеткізді. Мұнда "Техно", "Мәдениет" тақырыптарындағы жаңалықтарды оқуға, блог жүргізуге болады. Massaget.kz сайты 2013 жылы Award.kz Ұлттық интернет-жүлдесінде қазақ тіліндегі үздік сайт атанды.

22 номинацияның жеңімпаздары анықталды. "Блогосфера көшбасшысы" - Өркен Кенжебек, "Сәтті кәсіпкер" - Марат Бакулов. "Көріпкел саясаткер" аталымында марапаттау рәсіміне денсаулық жағдайына байланысты келе алмаған Досым Сәтпаев жеңді. Сонымен қатар, "Ғажап емші" аталымында - Еркін Бейсембаев, "Жемқорлардың жауы" аталымында - Талғат Әбдіжаппаров, "Респект-спортшы" аталымында шахматшы Динара Сәдуақасова, "Ұшқыр ойлы журналист - Жанар Байсемізова", "Фермер-асыраушы" - Сәбит Нұрғалиев, "Қажымайтын депутат" - Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина жеңімпаз болды. "Жанкешті қайраткер" - Есен Елеукен.

Сонымен қатар, "Жыл жаңалығы" аталымында Сабина Алтынбекова марапатталды. "Жаңашыл қаржыгер" - экономист Олжас Құдайбергенов.

Дауыс беру Facebook желісінде және байқаудың ресми сайты lubimec.kz ресурсында екі кезеңмен өтті. Байқаудың ерекшелігі - үміткерлерді әлеуметтік желі қолданушыларының өздері таңдайтынында.

Дауыс беру жеңімпаздары лауреат атанып, оларға "like" түріндегі бірегей қола ескерткіш беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың танымалдылығы жыл сайын артып келеді, 2011 жылы 7 мың адам қатысса, 2014 жылы 60 мыңнан астам адам қатысқан. Аталымдар саны да тоғыздан 22-ге көбейді. 

Ұлттық жүлде аясында портретті шарждардың көрмесі өтті. Бұл шарждар лауреаттар мен елдің өзге де танымал адамдарына арналды. Оларды белгілі суретші Валерий Крестников салды. Аукцион қорытындысы бойынша шарждарды сатудан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети