16 шілде 2015 17:30

"Алдаспан" тобының солисі Шамшаддин Омаров үйленгелі жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда этно-рок стиліндегі әндерімен танымал болған "Алдаспан" тобының солисі Шамшаддин Омаров шаңырақ көтергелі жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда этно-рок стиліндегі әндерімен танымал болған "Алдаспан" тобының солисі Шамшаддин Омаров шаңырақ көтергелі жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шамшаддиннің қалауы 22 жастағы Ақтоты есімді аруға түскен. Бір ауылда туып өскен олардың достығы махаббатқа ұлсыпты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика факультетін бітірген қыз қазір Алматы қаласында жұмыс істеп жатыр.

Екі жастың үйлену тойы 1 тамыз күні Ақтөбе обылысындағы Ойыл ауылында өтеді. Тойға "Алдаспан" тобының мүшелері, топтың продюсері Нұржан Тойшы мен Mezzo тобының мүшесі Мейірхан қатысады.

 
 
 
Айта кетейік, "Алдаспан" - рок жанрын домбыра үнімен жеткізуді мақсат еткен этникалық топ. Топ құрылған 4 жыл ішінде олар "Atilla", "Елге қайт", "Ұлы көш", "Төкпе Light" жинақтарын шығарып үлгерді. 2011 жылы шыққан "Жол" әні көпшіліктің жүрегін жаулады. Топтың қоржынында 50-ге жуық туынды бар.
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети