10 ақпан 2015 17:51

Әлемдегі ең кәрі мысық Гиннесс рекордтар кітабына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тиффани Екінші мен оның иесі Шэрон Вурхис. ©korrespondent.net Тиффани Екінші мен оның иесі Шэрон Вурхис. ©korrespondent.net

Гиннесс рекордтар кітабы әлемдегі ең кәрі мысықты атады. Ол - Калифорнияда тұратын 26 жастағы Тиффани Екінші. Бұл туралы басылымның ресми Guinness World Records 2015 сайтында хабарланды.


Гиннесс рекордтар кітабы әлемдегі ең кәрі мысықты атады. Ол - Калифорнияда тұратын 26 жастағы Тиффани Екінші. Бұл туралы басылымның ресми Guinness World Records 2015 сайтында хабарланды.

Басылымның мәліметінше, мысық 1988 жылы 13 наурызда туылған. Мысықтың иесі Шэрон Вурхис оны алты апталығында хайуанаттар дүкенінен 10 долларға сатып алған. 

Мысықтың жасын адамның жасы бойынша есептейтін болсақ, ол 125 жылдай өмір сүріп келеді. Үй жануарының көру, есту қабілеті және жалпы физикалық белсендігі жақсы сақталған. Алайда қазір Тиффани артериялық қысымының жоғары болуынан қиналып жүр.

Гиннесс рекордтар кітабының мәліметі бойынша, Тиффани көбіне мысықтарға арналған тағамдарды жейді, уақытының басым бөлігін үйде өткізеді, серуенге сирек шығады. Айта кетейік, бүкіл дүниежүзінде ең ұзақ өмір сүрген мысық Техастағы Крим Пафф делінетін. Ол 1967 жылы туылып, 2005 жылы 38,3 жасында өліп қалды.

Гиннесс рекордтар кітабы - әлемдік рекордтар енетін жылдық жинақ. Гиннесс кітабына адамның, жануардың, табиғаттың жеткен жетістіктері, өзгелерден ерекшелендіретін күйі, қалпы жайлы жазылады. Алғаш рет Гиннесс кітабы 1955 жылы ирландиялық сыра қайнатушы "Гиннесс" компаниясының басшысы Хью Бивер сэрдің тапсырысы бойынша жарық көрген. Кітап бастапқыда үлкен анықтамалық ретінде шықты, кейін уақыт өте келе оған қызықты және әдеттегіден тыс жетістіктер қосыла бастады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети