05 тамыз 2015 16:39

Алматы полициясы мемлекеттік номерін "рахмет" сөзіне алмастырған көліктің иесін іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скриншот Видеодан алынған скриншот

Алматы полициясы автокөлігінің мемлекеттік номерін алмастырған адамды іздестіріп жатыр, ол номерінің орнына "рахмет" деген жазу шығатын механизмді орнатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерекше "номері" бар автокөлік түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Мемлекеттік номерді автоматты түрде ауыстыруға арналған мұндай құрылғылардың Интернетте белсенді түрде сатылатыны белгілі. Жалпы бұл механизмнің ережесі бойынша, номер жасырулы тұрады, бір батырманы басқанда ол бірнеше секундта 180 градусқа айналады, сөйтіп бір номерді басқасына ауыстырады. Әдетте мұндай құрылғылар жылдамдықты өлшеп көру барысында номерді жасыру үшін қолданылады.

Айта кетейік, мемлекеттік номерді былай ауыстыру заңсыз болып есептеледі. Сондықтан жүргізушіге 5 АЕК көлемінде (9 910 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети