09 желтоқсан 2014 19:23

Алматы тұрғыны сүйіктісін қатты қорқытқан соң оған сөз айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube желісіндегі видеоның кадры Youtube желісіндегі видеоның кадры

Интернетте болашақ күйеу жігіттің өз сүйіктісі мен оның құрбыларын жақсылап алдап, содан кейін оған сөз айтқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Lafa.kz. Бастапқы кезде қыздар таныстарын танымай, шошып кетеді. Қыздар "әскерилерге" айғайлап, олармен дауласып, таныстарына телефон шалады. Арнайы жасақ болып киінгендер көліктен ұнтақ тауып алғандай болып, "куәгерлерді" шақырады да, полиция бөлімшесіне әкетуге дайындала бастайды.

Бірақ әскерилердің арасындағы біреу бетпердесін шешіп, сүйіктісіне шоқ гүл сыйлайды. Бұдан кейін ол қызға сөз салады. Оқиға қуанышпен аяқталады.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында да болашақ күйеу жігіт сүйіктісіне ерекше сөз салған еді. Болашақ полицейлер жүрек тәрізді болып сапқа тұрады. Қызына ерекше әдіспен сөз арнағысы келген болашақ полицей 4 студентке алаңға жүрек болып сапқа тұруды сұраған, алаңда Әсем мен Нұркенге қызыл кілем жайылған. Жас жігіт өз сүйіктісіне жүзік пен гүл сыйлады. Нұркеннің сүйіктісі келісімін берген соң ол оны көтеріп, ал курсанттар фуражкаларын аспанға лақтырды. Некелескен жұпты академияның барлық студенті құттықтады. Жастарға болашақ полицейдің командирі әрі тәлімгері құттықтау тілек айтты.

Ал оған дейін Астана тұрғынының өз қызына сөз арнаған видеосы интернетте пайда болған еді. Санжар Кәрімбеков 16 автокөлікті жүрек қалпында қойды. Ғашық жігіттің арманын орындауға оның достары көмектескен. Бұдан басқа, ғашық жігіт 101 мақтау сөз жазылған 101 гүл сыйлады. Сүйіктісі оған келісімін берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети