11 сәуір 2015 22:23

Алматыда аэростаттар ұшырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Владимир Прокопенко @Владимир Прокопенко

Алматыда 11 сәуір күні бірнеше аэростат ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 11 сәуір күні бірнеше аэростат ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аэростаттар үш жерден: Республика алаңы, Республика сарайы мен Тұңғыш Президент саябағынан ұшырылды. Барлық шар әуеге сағат 9.00-де көтерілді. Кейін ерекше акцияны қалалық әкімдіктің ұйымдастырғаны белгілі болды. "Біз бүгін азаматтарды тосын сый жасап қуантуды ұйғардық. Сайлауалды науқан кезінде қаланың әр түкпірінен аэростаттар ұшырдық. Шарлардағы 26 саны ҚР Президентін сайлау күнін білдіреді. Біздің ойымызша, бұл қала халқы үшін ерекше, жарқын сәттердің бірі болып қалады. Осындай жолмен біз азаматтарды сайлауға қатысуға шақырып отырмыз", - деді Алматы қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Ақжаров.

Оның айтуынша, аэростаттар келесі демалыс күндерінде де ұшырылады. Бірақ, олардың нақты қай жерден көкке көтерілетіні әлі белгісіз. Айта кетейік, бүгін Алматыда 170 мың адам қатысқан жалпықалалық сенбілік өтті. 

@Алексей Мамай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети