19 тамыз 2014 14:37

Алматыда еріктілер жер сілкінісін қолдан жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Қызыл Жарты ай қоғамы мен БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы Алматыда жасанды жер сілкінісін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызыл Жарты ай қоғамы мен БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы Алматыда жасанды жер сілкінісін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Симуляция алаңы ретінде фургон таңдалған, оның кузовы кәдімгі тұрғын үй бөлмесі іспетті - оған ыдысы бар үстел қойылған, қабырғаларға кітап салынған сөрелер ілінген. Сценарий бойынша Алматыда түнгі мезгілде жеті балдық жер сілкінісі болады. Керуетте жатқан манекен арқылы еріктілер қабырғаға нашар бекітілген сөрелердің, шайқалған жиһаздардың, төтенше жағдайға арналған қоржынның жоқтығы жер сілкінісі кезінде адамға қандай қауіп төндіретінін көрсетті. Ұйымдастырушылар зілзала кезінде баспалдаққа жүгіріп шықпау керектігін, лифтті қолданбау керектігін еске салды. Оның орнына үстел астына кірген немесе есік жақтауына тұрған жөн. Басты жарақаттардан сақтау үшін көрпе-жамылғымен орап алған абзал.

Шара 19 тамыз - Гуманитарлық көмектің бүкіәлемдік күніне орайластырылған. Еріктілер бұл күні ерікті түрде қан тапсыруды да ұйымдастырды. "Гуманитарлық қалашықтан" Қазақстандағы жергілікті және халықаралық гуманитарлық ұйымдардың жұмысымен танысуға болады.

"Сіздер қазір халықты Алматыда болған жер сілкінісі кезіндегі және одан кейінгі әрекеттерге қалай дайындайтынымызды көрдіңіздер. Біз адамдарды алғашқы жәрдем көрсету дағдыларына дайындаймыз. Кәсіби дәрігерлер келмей тұрғанда адам өзіне және қасындағыларға алғашқы жәрдем көрсетуі тиіс. Ғимараттардың сейсмикалық беріктігін арттырумен айналыспаймыз, оған бізде қаражат жоқ. Бірақ біз жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін адамдарға үйретеміз. Біз қан донорларын тартып отырмыз. Қазақстанда донор қаны тапшы. Мың адамға 8-10 донордан келеді, Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымының кеңесі бойынша, мың адамға 40-60 донордан болуы керек", - дейді Қызыл Жарты ай қоғамының президенті Еркебек Арғымбаев.

Оның айтуынша, бұл шараның Алматыда жуырда болған жер сілкінісіне қатысы жоқ. Гуманитарлық көмектің бүкіләлемдік күні Қазақстанда алты жылдан бері аталып өтеді. "Біздің жұмысымыз гуманитарлық көмек көрсетумен байланысты. Қарулы қақтығыстар, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетеміз. Біз Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы халықаралық қозғалысының ажырамас құрамдас бөлігіміз. Біз федерацияның шешуші дауыс құқығы бар толық мүшесіміз. Біз Қазақстанда бес млрд теңгеге гуманитарлық жәрдем көрсеттік. Әсіресе, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде көмекке мұқтаж жандар көп болды. Әлеуметтік әлжуаз топтары - жалғызілікті қарттар, жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар, үй-күйі жоқтар үшін елімізде ыстық тамақ берілетін асханалар ашқанымыз есімде", - дейді Арғымбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы төтенше жағдайлар, әсіресе, Алматыдағы жер сілкінісі кезінде алғашқы жәрдем көрсету дағдыларын 50 мыңға жуық тұрғынға үйретті. Олар, негізінен, оқушылар мен студенттер. "Біздің мақсат - әр отбасыдан ең болмағанда, бір адамды оқыту. Ол адам өз туыстарына үйретуі керек. Республикада барлығы 50 мыңға жуық еріктіміз бар", - дейді Арғымбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети