30 қаңтар 2014 10:06

Араққа сылқия тойған қақпашы YouTube жұлдызына айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет YouTube сайтынан алынған Сурет YouTube сайтынан алынған

"Чехиялық әуесқой хоккей лигасындағы HC Klasterce командасында ойнайтын қақпашы Роман Каспар Карловы- Вары спортшыларымен арада өткен кездесуден соң YouTube жұлдызына айналды" деп жазады Tengrinews.kz Mirror ақпарат құралына сілтеме жасап. Қақпашының араққа сылқия тойғаны сонша, YouTube сайтындағы бейнероликтен оның аяқта зорға тұрғаны байқалады. Қақпашының мұндай күйін ұққан жанкүйерлер күлкісінде шек болмапты. YouTube сайтындағы мас қақпашы қатысқан бейнероликті миллионнан астам адам тамашалаған. Кейіннен, қақпашы ойын басталғанға дейін сегіз рюмка ром, үш саптыаяқ сыра ішкенін мойындапты. Өзінің айтуынша, ештеңе есінде жоқ, тек ойын тұманда өткен сияқты көрінген. Оның есінде қалғаны, ойынның басталуы мен аяқталған сәттегі топ болып суретке түскені. "Дегенмен HC Klasterce қақпасын аброймен қорғап қалдым, соның нәтижесінде қарсыластарды жеңдік", - дейді Каспар. Ойын 8:5 есебімен аяқталған. Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың желтоқсан айында YouTube сайтында көрсетілген бейнероликтен соң прагалық полицей Чехиядағы ең танымал тәртіп сақшысы болған еді. Ол кезекшілік атқарып жүрген уақытында қала ортасында орналасқан күйсандықпен оңтүстік кореялық Yiruma-ның River Flows in You композициясын орындаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети