14 ақпан 2017 13:53

Астанада интим фотосет жасаған қыз өз әрекетін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Hommes.kz © Hommes.kz

Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыз өз әрекеті жайлы айтып берді. Астаналық Әйгерім есімді қыздың сұхбаты Hommes.kz сайтында жарияланды. Ол басылымға берген сұхбатында неліктен күннің суығында фотосет жасағанын және осы атышулы оқиғадан кейін өмірінде қандай өзгерістердің болғанын айтып берді.


Астанада зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыз өз әрекеті жайлы айтып берді. Астаналық Әйгерім есімді қыздың сұхбаты Hommes.kz сайтында жарияланды. Ол басылымға берген сұхбатында неліктен күннің суығында фотосет жасағанын және осы атышулы оқиғадан кейін өмірінде қандай өзгерістердің болғанын айтып берді.

"Фотосет жасау туралы идея кенеттен пайда болды. Мен сол кезде жігітіммен бірге көлікте отырдым. Көңіл-күйіміз жақсы болды, содан неге суретке түспеске дедік. Мен жай әдемі суреттердің шыққанын қаладым. (...) Фотосет жасау бізге қызық болды, жай көңіл көтеру үшін жасадық", - дейді астаналық қыз.

Қыздың айтуынша, суреттегі көлік оның жігітіне тиесілі. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде аса көп отырмайтынын айтып өтті.

"Бұл оқиғаның қандай да бір салдары болды деп айта алмаймын. Мен тек айыппұл төледім. Біз фотосет жасағанда мұны заңбұзушылық деп ойламаппыз да. Маған ұнамағаны - полиция қызметкерлері менің жеке куәлігімді суретке түсіріп, бір-біріне жолдаған. Содан ол сурет әлеуметтік желілерде тарай бастады. Меніңше, олар дұрыс істемеді. Олар өз тараптарынан мені кінәлап, онымен қоса Интернетте маған қатысты жеке мәліметтерді таратты. Адамдардың мені танып білуі жайлы айтатын болсам, иә, мені, әсіресе, ер адамдар танып жатыр. Ал әлеуметтік желілерде мен онша белсенді емеспін - Instagram аккаунтым жоқ, тек ВКонтакте" әлеуметтік желісінде парақшам бар. Қолданушылар сонда менің батыл қадамымды қолдайтыны жайлы хабарламалар жазып жатыр. Бірақ менің қандай да бір мақсатым болған жоқ, мен барлық мәселеге төзіммен қараймын - жағымсыз пікірлерге де, қолдау білдіріп жатқандарға да", - деді Әйгерім.


© Hommes.kz

"Бізге қызық болды, ең қызығы, мен мүлде тоңбадым. Бірақ біз мас болған жоқпыз. Суық ауа райына назар аудармадым да. Мен тез арада осындай танымал бола алатыныма әлі де таңғалып отырмын. Адамдардың көбісінің, олардың ішінде танымал адамдардың мені қолдағаны, әрине, ұнады. Айта кетейін, маған осы мәселе бойынша заңгерлерден ұсыныс келді. Олар менің суреттерімді таратқан полиция қызметкерлерін сотқа беруге болатынын айтты. Қазір енді осы ұсыныс туралы ойланып жүрмін", - деді астаналық қыз.

Еске сала кетейік, 2 ақпанда зәулім үйдің ауласында интим фотосет жасаған қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына елордадағы зәулім үйлердің бірінің ауласында көлік алдында жалаңаш түскен қыздың суретін жолдаған еді.

Ал кейінірек ол қыздың кім екені анықталған болатын. Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 31 қаңтарда шамамен сағат 20.30-да Қалдаяқов көшесінде орналасқан үйдің көлік тұрағында болған. Астананың 20 жастағы тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети