08 ақпан 2017 16:35

Димаш Құдайберген мен Джеки Чанның кездесуінен эксклюзив кадрлар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алпамыс Шаримов © Алпамыс Шаримов

Әнші Димаш Құдайбергеннің әйгілік актер Джеки Чанмен кездесуінің эксклюзив суреттері пайда болды. Бұл суреттерді Tengrinews.kz редакциясына әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов жолдап отыр.


Әнші Димаш Құдайбергеннің әйгілік актер Джеки Чанмен кездесуінің эксклюзив суреттері пайда болды. Бұл суреттерді Tengrinews.kz редакциясына әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов жолдап отыр.

Айта кетейік, атақты актер мен қазақстандық әнші 6 ақпанда кездескен болатын. 

"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым!", - деп жазған еді сол кезде әнші.

Сонымен қатар, ол өз кезегінде актердің соңғы Kung Fu Yoga кинокартинасындағы би қимылдарын үйреткенін айтты. Айтуынша, бала кезінен бері келе жатқан сүйікті актері оған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығын бақылайтынын жеткізген.

"Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Hunan TV арнасында төртінші кезең сенбі күні көрсетіледі. Димаш Құдайбергенов бұл кезеңде Джеки Чун Хок-Яудың репертуарынан қытай тіліндегі "Қоңыр күз" əнін орындайды.

Еске салайық, Димаш Құдайберген үшінші кезеңде аты аңызға айналған Queen тобының The Show Must Go On әнін орындаған еді. Ал екінші кезеңде Құдайберген есейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети