29 наурыз 2017 17:36

Димаш Құдайбергеннің суреті Times Square-де пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген. © instagram Димаш Құдайберген. © instagram

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Times Square алаңындағы жарнама экранында жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Times Square алаңындағы жарнама экранында жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов Instagram желісінде жазды.

"Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі Нью Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен БАСТЫ ЛЭД дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт-өкілдер, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!", - деп жазды Шаримов. 

Ғимаратқа ілінген суреттің сипаттамасында"Димаш Құдайберген қытайлық China Top music Awards байқауының марапатына ие болды" деп жазылған. 

Еске салайық, таяуда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасында "Азияның ең танымал әншісі" атанған болатын. Ал алдағы уақытта қазақстандық әнші I am a Singer байқауының финалында өнер көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети