12 қаңтар 2016 08:59

Желіде Қазнетті дүр сілкіндірген видеоның жалғасы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қазнетті дүр сілкіндірген видеоның жалғасы пайда болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Желіде Қазнетті дүр сілкіндірген видеоның жалғасы пайда болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Кадрларда белгісіз ер адамдардың жеке үйлердің бірінің ауласында қасқырды қинап жатқаны бейнеленген. Аңшылар қасқырдың азуын матап байлайды. Кейін жыртқыш аңның мойнына жіп байлап, оған түрлі бұйрықтар береді.

Тағы бір көріністе аңды ұрып-соғады. Ал кадр сыртындағылар дарақы күле бастайды. Адамдар қасқырды көліктің бамперіне байлап, сүйрегелі жатқан кезде видео үзіліп кетеді. (Дереккөз - КТК)

Ескерту! Видеода зорлық әрекеттер көрсетілген!

WhatsApp мессенджері арқылы редакциямызға жолданған видеода бірнеше ер адамның ашық далада қасқырды ұстағаны бейнеленген. Бастапқыда олар жыртқыш аңды көлікпен басып, кейін басынан тепкілеп, ұрғылайды. Видеоның аяқ жағында ер адамдар қасқырды байлауға кіріседі. Оқиғаның қалай аяқталғаны жайлы мәлімет жоқ. Роликке қатысты жазылған пікірлердің арасында оқиғаның Ақтөбе облысында болғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети