10 қазан 2016 16:24

Жұлдызға айналған 71 жастағы геймер-қария жаңа ойындарды үйренгісі келетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аман Алашбаев © vk.com Аман Алашбаев © vk.com

CS:GO ойынының жұлдызына айналған Аман Алашбаев өзі және отбасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 71 жастағы қазақ қария өзінің компьютер ойындарына деген қызығушылғынан басқа, өзінің немерелерін тәрбиелеп, шахмат ойнап, салауатты өмір салтын ұстанатынын айтты.


CS:GO ойынының жұлдызына айналған Аман Алашбаев өзі және отбасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 71 жастағы қазақ қария өзінің компьютер ойындарына деген қызығушылғынан басқа, өзінің немерелерін тәрбиелеп, шахмат ойнап, салауатты өмір салтын ұстанатынын айтты.

"Мен компьютер ойындарына көп уақыт бөлмеймін. Бірақ кейде бір отырып қалсам, ойнай беремін. Төрт сағаттап та ойнайтынмын. Әдетте мен үйдің тірліктерімен жүремін, бұрын немерелерімді мектепте, түрлі үйірмелерге апаратынмын. Ал қазір олар маған "Аташка, демал!" деп айтып қояды. Міне, енді демалып отырмын. Денсаулығыма қарап, осымен бес жыл дәрі қабылдамай жүрмін. Бұл да еңбек. Ертерек тұрып, серуендеп қайтуға тырысамын", - деді 71 жастағы қария.

Айта кетейік, Аташка Youtube хостингінде өз арнасын жүргізеді. Оның әлеуметтіке желілерде парақшалары. Ол парақшаларды жүргізуге немересі көмектеседі екен. Қазір ол жаңа гаджет алғысы келіп жүр екен. "Мен осымен ойнап жүргеніме үш ай болды. Тағы да мықты ойындарды ойындауды ұнатамын. Бірақ менің компьютеріи ескірді, сондықтан мен қазір жаңа компьютер мен телефон алуға ақша жинап жүрмін" - деді Аман Нурмаханұлы.

 

Зейнеткердің айтуынша, ол өмір бойы тау өндірісінде экономист болып жұмыс істеген. Кейін зейнетке шығып, үш бала мен үш немересін тәрбиелеген. Соңғы кездері Аман Алашбаев отбасымен бірге Ақмол облысы Степногорск ауылында тұрған. Енді қария  Омскке көшуді ойлап отыр.

Айта кетейік, осыған дейін 71 жастағы қазақ қария Аман Алашбаевтың  CS: GO ойынының жұлдызына айналғаны хабарланған еді. Ер адам ойынды үйреніп алып, Аташка деген лақап ат таңдапты. Ол өзінің YouTube-арнасы арқылы танымал болды, мұнда зейнеткер стрим жүктеп, жаңадан ойнап жүргендерге ақыл-кеңес айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети