17 маусым 2015 18:48

Қасиетті айдың туғанын көрген адамға сый-сияпат берілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nurqanatbaizaq.islam.kz © nurqanatbaizaq.islam.kz

Қасиетті айдың туғанын көрген адамға сый-сияпат берілетін болды, - деп жазады muslim.kz.


Қасиетті айдың туғанын көрген адамға сый-сияпат берілетін болды, - деп жазады muslim.kz.

Порталдың мәліметінше, Сауд Арабиясының Жоғары үкіметі ел тұрғындарын Қасиетті Рамазанның айын бақылауға ат салысуға шақырып отыр. Үкімет сейсенбі күні айдың шыққанын бинокльмен немесе басқа да құралмен көрген адам жедел түрде жергілікті әкімшілікке хабарлауды өтінді.

"Осындай игі іске кімде-кім ат салысып, дер кезінде ақпарат беретін болса онда мұсылман ретінде үлкен сауапқа кенеліп, шынайы ықыласы үшін үкімет тарапынан сый-сияпатқа ие болады. Бұл өз кезегінде барша мұсылманға қол ұшын берген болып саналады", - делінген жарияланымда.

Еске сала кетейік, ертең күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Биылғы Рамазан маусымның 18-нен шілденің 16-на дейін жалғасады. Оразаның жалпы уақыты - 29 күн. Бұған дейін биыл Қазақстан бойынша пітір садақа құнының жан басына 200 теңге болып белгіленгені хабарланған еді. Ораза айттың бірінші түні 16 шілдеден 17 шілдеге қараған түні болады, Ораза айт үш күнге жалғасады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети