30 шілде 2015 17:17

Қазақстанда әскери қызметтегі ең әдемі әйелдердің суреті бар күнтізбелер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

Қазақстан Қорғаныс министрлігі "Батыр арулар" сұлулық байқауының жеңімпаздары бейнеленген күзтізбені шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Қорғаныс министрлігі "Батыр арулар" сұлулық байқауының жеңімпаздары бейнеленген күзтізбені шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күнтізбе мың даналық тиражбен шықты. Қорғаныс ведомствосының барлық құрылымдық бөлімшелері күнтізбеге жол жеткізді. Күнтізбе Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің арасында өткен "Батыр арулар" атты сұлулық байқауының қорытындысы бойынша шығарылды. 2016 жылға арналған күнтізбедегі әр айда 12 финалист арудың тұратыны интернет арқылы дауыс беру басталғанда хабарланған болатын. 

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, арулар айларға қарай таңдалған жоқ. Олар еркін түрде іріктеліп, қойылды.

"Батыр арулар" - бұл ҚР ҚК әскери қызметші әйелдер арасындағы алғашқы қазақстандық байқау. Байқауға Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық түрлері мен әскер тектерінен, сондай-ақ ҚР ҚМ Орталық аппаратынан барлығы 123 әйел қатысты. Байқау қорытындысында ең көп дауыс жинаған 12 үміткер іріктеліп алынды. Олардың барлығы байқау жеңімпаздары деп танылып, 2016 жылғы мамандандырылған күнтізбеге арналған кәсіби фотосессияға қатысты. Байқауға қатысушыларға дауыс берген адамдардың саны рекордты көрсеткішке ие болды - 255 725.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети