07 наурыз 2014 21:30

Қазақстанда "Жер уақыты - 2014" акциясы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер уақыты.  Tengrinews.kz иллюстрациясы Жер уақыты. Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстанда "Жер уақыты - 2014" акциясының басталғаны жарияланды. "Жер уақыты" келгенде біздің елде әдеттегідей Көктөбедегі телемұнара мен Президент резиденциясындағы жарық толықтай өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Тұрақты даму" жер қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Жер уақытын" қолдау кампаниясы 29 наурызда кешкі 20 сағат 30 минутта Көктөбедегі телемұнарада, Байтерек монументінде, Ақорда резиденциясында, Орталық мешітте, Успенский мен Католиктер шіркеуінде және Қазақстанының барлық аймағындағы мыңдаған ғимараттарда жарық сөндірілгенде мерекені аяқтайды", - делінген бүгін тараған мәліметте. Бұл шараның өтуіне Президент әкімшілігі, Қоршаған ортаны қорғау және су ресустары министрлігі мен ҚР Үкіметі қолдау көрсетуде. "Биылғы шараның ерекшелігі деп "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысының аясында экологиялық жобаларға қолдау көрсетілетіндігін атап өтсе болады. Сондай-ақ 2014 жылы жарықты сөндіруге кез келген адамның табиғатты қорғау жобалары аясында қатыса алатындығында айтуға болады", - делінген қоғамдық бірлестік таратқан мәліметте. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, "Жер уақыты" акциясына дейін жер бетіндегі әр адамның өз үйлерінде табиғатты аялау мақсатында жарықты сөндірулеріне бір айдан аз уақыт қалыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети