Қазақстанның ең сұлу қыздары "Астана" - "Бенфика" матчын қалай тамашалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ең сұлу қыздары "Астана" - "Бенфика" матчын қалай тамашалады © Instagram / @kalamkas_faizulla

"Қазақстан аруы-2015" байқауының қатысушылары "Астана" - "Бенфика" матчын тамашалады. Tengrinews.kz байқау қатысушыларының Instagram желісіндегі аккаунттарын зерттеп, Қазақстанның ең сұлу аруларының "Астана-Арена" стадионында өткен матчтан алған әсерлерін білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы-2015" байқауының қатысушылары "Астана" - "Бенфика" матчын тамашалады. Tengrinews.kz байқау қатысушыларының Instagram желісіндегі аккаунттарын зерттеп, Қазақстанның ең сұлу аруларының "Астана-Арена" стадионында өткен матчтан алған әсерлерін білді.

Жарияланған суреттерге қарағанда, арулар матчты көріп қана қоймай, селфи жасап та үлгергенге ұқсайды.

Арулар "Астана" командасына деген қолдауларын елордалық клубтың бейнелемесі бар мойынорағышты тағып білдірді. Бірі оны мойнына салып, бірі басына таққан.

"Қазақстан аруы-2015" қатысушыларының жанында отырған жігіттер де олармен суретке түсіп үлгерген.

Жазылған пікірлерде қыздар матчтың өте қатты ұнағанын айтқан.

"Біздің "Астана" ФК - жарадыңдар. Барын салды. Ал біз қуана-қуана қолдадық", - деп жазды қарағандылық ару.

"Матчтан кейін қыздар күтпеген жерден футболды жақсы көріп кетті", - деп жазды ақтаулық сұлу.

Еске сала кетейік, "Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турының аясындағы ойында португалиялық "Бенфикамен" тең ойнады. Гол 19-шы минутта соғылды. "Бенфика" командасына екінші голды Марин Анинич соқты. Бірінші таймның қорытындысы бойынша есеп 2:1 болды. Ал қарсыластар командасының қатарында Рауль Хименес 40-шы минутта есеп айырмасын қысқарта білді. Екінші таймда қонақтар командасы тағы бір гол соғып, есепті теңестірді. 

Айта кетейік, биыл "Қазақстан аруы-2015" байқауы 10 желтоқсанда Астанада өтеді. Байқау қатысушыларының суреттерін мына жерден көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети