07 қыркүйек 2015 17:58

Қазақтардың жоңғарлармен шайқасы жайлы "эпос" ресейлік "Comedy Баттл" байқауының қазыларын күлдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ТНТ" телеарнасынан скриншот "ТНТ" телеарнасынан скриншот

"ИП Сакена Газизовича" атты қарағандылық үштік ТНТ арнасындағы Comedy Баттл жобасының соңғы маусымында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ИП Сакена Газизовича" атты қарағандылық үштік ТНТ арнасындағы Comedy Баттл жобасының соңғы маусымында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы жігіттер қазылар алқасының барлық ескертуін есепке ала отырып, шағын миниатюра дайындады. Қарағандылықтар Арнат Өтепбергенов, Ернар Қосжанов және Рүстем Мерекеев қазақтардың жоңғарлармен шайқасы жайлы делінген әзілге толы эпос қойды. 

Қазылар алқасы олардың әзілін жылы қабылдады. Қазылар алқасының мүшесі Руслан Белый қойылымның импровизацияға ұқсас болғанын айтып өтті. 

"Шығыстық сарынды байқаймын, қазақтар туралы айтып отырмын. Мұны сіздер тек ойлап тауып қана қойған жоқсыздар, келе жатып, "оларды қалай атаушы еді, о, жоңғарлар, солар жайлы" деп, көрсете бастаған сияқтысыздар. Шығармашылық құндылығының неде екенін түсінбеймін, бірақ сіздердің қойылым күлкілі болған жоқ деп айта алмаймын. Бұл күлкілі болды. Шынымен де күлкілі", - деді ол.

Сергей Светлаков болса былай деді: "Бүгінгі қойылымдарыңыз мінсіз емес, бірақ жартылай финалға өту-өтпеу мәселесінде сөзсіз өтесіздер".

Әзілқойлардың бірі Ернар Қосжанов тілшіге берген жауабында сынның алға қарай жүруге көмектесетінін айтты. "Мүмкіндігіміздің бар екеніне сенеді деген сөз. Әрине, әрбір пікірді қабылдап, шешім шығарамыз. Әр кезде материалды пысықтай түсеміз", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети