01 маусым 2015 07:47

Қазнет жұлдызы МС Сайлаубек Атырауда концерт берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Instagram/Sonpaskal ©Instagram/Sonpaskal

Қазнет жұлдызы МС Сайлаубек өнер жолына түсуге тырысып жүр. Интернетте роликтері жұртты дүрліктірген рэпер таяуда Атыраудағы қонақүйлердің бірінде Италия әншісі Сон Паскальмен бірігіп ән айтты. Оның өнер көрсетіп жатқан сәтін Сон Паскаль Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Сайлаубек, бүгін сыйлаған керемет көңіл-күйге рақмет. Сен менің ең жақсы қонағымсың!", - деп жазды әнші.

Паскаль МС Сайлаубектің бассейн алдында тұрып рэп оқығаны туралы видеоны жария етті.

МС Сайлаубек осы жылдың басында YouTube порталында шыққан видеодан кейін Қазнет жұлдызына айналды. Мас күйде тек өзіне түсінікті тілде рэп оқыған ер адам жайлы роликке оның тыңдармандары ғана емес, эстрада жұлдыздары да еліктей бастады. Осы уақытқа дейін рэпердің айтатын түсініксіз сөздеріне кәсіби рэперлердің өзі кавер-нұсқа жазып үлгерді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети