31 қазан 2014 12:53

Қостанай облысының әкімі өзі бейнеленген матрешканы сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Tengrinews.kz Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов өзі бейнеленген матрешканы сатып алып, суретшіден енді бұлай жасамауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов өзі бейнеленген матрешканы сатып алып, суретшіден енді бұлай жасамауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Матрешкаға келсек, негізінде, оған еш қатысым жоқ. Бұл жайында білген соң бірден өзімнің көмекшімді шақырдым және оны сатып алуын сұрадым, мен матрешканы сатып алдым. Автордан мүмкін болса мұндайды менің келісімімсіз тағы жасамауын сұрадым. Бұдан басқа не істеу керек екенін білмеймін", - деді Сәдуақасов Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Қыркүйек айында жергілікті БАҚ-тар Қостанайда Шалуновтар шығармашылық отбасының көрмесінде шапанмен және бағалы тастар тігілген жібек халатпен Сәдуақасов бейнеленген 20 сантиметрлік матрешка қойылғанын хабарлаған болатын. Суретші Дмитрий Шалунов болса, мұндай матрешка жасау идеясын тапсырыс берушілердің бірі айтқанын жеткізді. 

Айта кетейік, екі жыл бұрын өңірде осыған ұқсас жағдай болды. Қостанай облысының Рудный қаласы шіркеуінде бұрынғы әкім Сергей Кулагин бейнеленген адамның суреті салынған еді. Бұл жайында білген ол қабырғадағы суретті бояп тастауды сұрады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети