28 наурыз 2014 20:16

Қырым қазақстандықтарды демалуға шақырады - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан туристік ассоциациасының директоры Рашида Шәйкенова. Қазақстан туристік ассоциациасының директоры Рашида Шәйкенова.

Қырым қазақстандықтарды демалуға шақыратын болады деген пікір айтты Tengrinews.kz тілшілеріне Қазақстан туристік ассоциациасының (ҚТА) директоры Рашида Шәйкенова. 


Қырым қазақстандықтарды демалуға шақыратын болады деген пікір айтты Tengrinews.kz тілшілеріне Қазақстан туристік ассоциациасының (ҚТА) директоры Рашида Шәйкенова. 

Қырымдықтар өз елдеріне орын алған соңғы геосаяси жағдайларға байланысты қазақстандықтарды өз жағажайларында демалуға шақыратын болады деп санайды сарапшылар. "Егер Қырым демалыс бағасын маркетинг және жарнама үшін төмендететін болса, Қазақстандық тұрғындар Қырымда демалуға қызығушылық танытуы мүмкін", - дейді Рашида Шәйкенова. 

ҚТА директорының айтуынша қазақстандықтардың Қырымда демалуы үшін логистика жақсы жолға қойылуда. Қарағандыда "Аэрофлот" рейсінің тиімді тарифі (Қарағанды - Мәскеу - Симферополь) бар. Сондай-ақ "Эйр-Астананың" Киевке тікелей рейстері бар.

Сарапшылардың айтуынша, таяуда елімізде өтетін туристік көрмелерде Қырымға жақсы жарнама жасалмақ. Жалпы Қырымға қазақстандықтар көп бара бермейді, ілуде біреу. Өйткені біздің еліміздің азаматтары Түркия мен Вьетнамға бару тиімді деп есептейді.

"Алдағы туристік мерзімде қазақстандықтар үшін Түркия, БАӘ, Болгария, Қырғызстан, Италия, Греция елдері үлкен сұранысқа ие бола бермек. Алайда 2010 жылдан бері қазақстандықтар емдік-шипалық туризмге бет бұра бастады. Адамдар массаж, емдік ванна, минералды су қабылдайтын демалыс орындарын іздейді. Осы тұрғыдан алғанда Украинада сұранысқа сай демалыс орындары бар" дейді ҚТА басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қырымның мәртебесі туралы референдум 2014 жылдың 16 наурызында өтті. Тұрғындардың көпшілігі қырымның Ресейге қосылуын қолдап дауыс берді.   

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети