08 шілде 2014 13:50

Марқұм әжесі о дүниеден селфи жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YouTube ©YouTube

Румыниялық Джина Михайға о дүниедегі әжесі селфи жолдады, - деп хабарлайды The Daily Mirror.


Румыниялық Джина Михайға о дүниедегі әжесі селфи жолдады, - деп хабарлайды The Daily Mirror.

Әйел бәліш пісіріп жатқан кезде ұялы телефонының экранында селфи пайда болған. Джина телефонын қараған кезде таңғалды: онда үш жыл бұрын қайтыс болған әжесінің жаңа фотосуреті тұрды. Бейнедегі кескінде марқұмның мойнынан жыланға ұқсас бірнәрсе байқалады.

34 жастағы румын қызы селфиді балгерге көрсетті, ол марқұм кемпірдің осылайша о дүниеден сәлем жолдағанын айтты. Балгердің айтуынша, кемпірдің мойнындағы жылан оның фәнидегі күнәларын білдіреді. Сондықтан Джина Михайға әжесінің жанын күнәдан арылту үшін құдайға құлшылық ету қажет.

Джина селфидің өзі тамақ пісіріп жатқан кезде келуі тегін емес деп есептейді. "Ол қайтыс болғаннан кейін мен оның басына бірде-бір рет ас апарған емеспін", - дейді әйел. Енді жергілікті дін қызметшісінің кеңесімен ол 40 күн бойы әжесінің моласына барып, тамақ апарып тұрмақ.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети