01 қараша 2015 20:41

МС Сайлаубек "Қайрат" командасының туын неге таптағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

МС Сайлаубек Instagram желісіндегі парақшасында "Қайрат" футбол клубынан және оның жанкүйерлерінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


МС Сайлаубек Instagram желісіндегі парақшасында "Қайрат" футбол клубынан және оның жанкүйерлерінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құрметті Қайрат футбол командасы @f.c.kairat жəне оның жанкүйерлері! Ақтөбе футбол командасы "Қайраттан" жеңілген соң менің астыма туды əдейі лақтырды, адам көп болған соң, ажиотаж болған кезде астымда не жатқанын байқаған жоқпын! Дұрыс түсініңіздер! Кешірім сұраймын!", - деп жазды ол.



Еске салайық, МС Сайлаубек футболдан Қазақстан чемпионатының 31-ші турына қонақ болып барып, "Ақтөбе" мен "Қайрат" командаларының ойынын көрген болатын. Алайда футбол жанкүйерлері МС Сайлаубектің әрекетіне наразы болды. Желіде Сайлаубектің алматылық клубтың туын таптап тұрған сәті бейнеленген сурет пайда болды.

Айта кетейік, клубтардың арасындағы кездесу Ақтөбеде өтті. Матчта "Қайрат" 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети