19 наурыз 2015 16:10

Наурыз айында Солтүстік Полюске Қазақстанның тұңғыш шаңғы экспедициясы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©logoslovo.ru ©logoslovo.ru

Қазақстанның Солтүстік Полюске тұңғыш шаңғы экспедициясы 2015 жылдың 31 наурызында басталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне экспедицияға қатысушы, "Қазақ географиялық қоғамы" ҚҰ төралқасының мүшесі Төлеген Тастанбеков айтып берді.


Қазақстанның Солтүстік Полюске тұңғыш шаңғы экспедициясы 2015 жылдың 31 наурызында басталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне экспедицияға қатысушы, "Қазақ географиялық қоғамы" ҚҰ төралқасының мүшесі Төлеген Тастанбеков айтып берді.

Алда болатын Солтүстік Полюстегі экспедицияға сегіз қазақстандық қатысады. Қатысушы топ Алматыдан Норвегияға ұшып барып, одан әрі Шпицберген аралына жол тартады. 31 наурыздан 3 сәуір аралығында экспедицияның дайындығы тексеріліп, базалық лагерде шаңғы жорығы мен шатыр құру бойынша жаттығулар, жабдықтар мен ішіп-жемді тексеру және тағы да басқа шаралары жүргізіледі. 4 сәуірде қазақстандықтар екі топқа бөлінеді. Олардың бірі ғылыми жұмыспен айналысса, екіншісі аралдан Барнео мұзды аэродромына бет алады және сол жерде Солтүстік Полюстегі шаңғы экспедициясының негізгі бөлімі басталады.

©logoslovo.ru

Экспедицияға қатысушылардың Барнеодан Полюске дейінгі 200 шақырым жерді шаңғымен жүріп өтуіне тура келеді. Қазақстандықтар бұл қашықтықты әр күн сайын 20-25 шақырымнан 7-12 күнде жүріп өтуді жоспарлап отыр. "Экспедицияға қатысушылардың мұз жарықтарға, сең мен жолдағы өзге де қиындықтарға төтеп беруіне тура келеді. Қазақстандықтар арнайы аяқ киімдермен және қажетті азық-түлікпен жабдықталады. Біздің мақсат - Қазақстанды әлемдік ғылыми, мәдени және гуманитарлық кеңістікте дәріптеу. Қазақстанның Солтүстік Полюстегі тұңғыш шаңғы экспедициясы Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Ата заңының 20 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналады", - деді Тастанбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети