Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Аяз атаға хат жаз" жобасын қолдады, оның аясында кез келген адам таңдаған хатын алып, бала арманын орындай алды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жобаны "Қазпошта" (Kazpost) ұйымдастырған. "Нұрсұлтан Назарбаев батысқазақстандық Виктория Харлашинаға шығармашылыққа арналған Doh Vinci жиынтығы мен жас суретшілер энциклопедиясын сыйлады, ал Солтүстік Қазақстан облысындағы отбасылық үлгідегі интернат үйінің тәрбиеленушілеріне музыкалық орталық пен қазақ жазушылары кітаптарының жинағын тарту етті", - деп жазды Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасына.
© Ақорда/Facebook
"Акция қандай жағдай болмасын қазақстандықтардың бауырмал болып қала беретінін және көмекке мұқтаждарға көмектесуге дайын екендерін көрсетіп берді деп ойлаймын. Бүкіл ел бойынша жүздеген адам жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың, мүгедек және жетім сәбилердің тілегіне үн қатты. Мемлекет басшысы өз әрекетімен бірінші кезекте сондай адамдармен тілектес екенін білдірді, сонымен қатар, жарқын мереке Жаңа жылда жас қазақстандықтардың тілегіне бей-жай қарамайтынын көрсетіп, үлгі болды", - деді Дәурен Абаев.