18 тамыз 2016 17:52

Олимпиада чемпионы Елеусіновтің биі Желіде хит болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов. © ХОК баспасөз қызметі Данияр Елеусінов. © ХОК баспасөз қызметі

Интернетте Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің билеген сәті түсірілген видео кең таралып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Интернетте Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің билеген сәті түсірілген видео кең таралып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Видео 2013 жылы түсіріліпті. "Данияр Рио Олимпиадасындағы алтын медалін де дәл осындай керемет биімен атап өткен шығар. Сөйтсек, ол билеуді ұнатады екен", - деп жазады спорт басылымы. 

Еске салайық, 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Елеусінов өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен кездесті. Бірінші раундта өзбекстандық белсенді болған, алайда үш төреші де қазақ боксшысы жеңді деп есептеді. Ал екінші раунд Елеусіновтің дөп тиген соққыларымен есте қалды. Қорытынды раундта өзбек босшысы жағдайды оңалтуды ойлап, бар күшімен алға ұмтылған, бірақ Елеусінов оған бетпе-бет келіп, тойтарыс берді. Қазылар алқасының шешімі бойынша қазақ боксшысы 3:0 (29-28, 29-28, 29-28) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Қазақстан бокс құрамасының алғашқы, ал Қазақстанның үшінші алтын медалін жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети