07 шілде 2015 10:21

Он баланың әкесі Назарбаевтың туған күніне сый жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pavlodarnews.kz © pavlodarnews.kz

Он баланың әкесі Назарбаевтың туған күніне ерекше сый жасады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Он баланың әкесі Назарбаевтың туған күніне ерекше сый жасады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Порталдың мәліметінше, Павлодарда Ертіс ауданының 75 жастағы тұрғыны Захан Әбілқас топ бәйгеге қатысып, 14 шақырымдық шабысын Президентке арнады.

"10 баланың әкесі Захан Әбілқас 2000 жылдардың басында Қазақстанға Моңғолиядан қоныс аударған. Сол елде 40 жылға жуық шахтер болып еңбек еткен. Ал ұлттық ат спортының түрлерін 50 жыл бойы серік етіп жүр", - делінген жарияланымда.

Ақсақалдың айтуынша, ол темір тұлпарларды ұнатпайды. "Жылқыға деген сүйіспеншілігім бөлек. Туған-туысқандарыма қонаққа барғанда салт атпен барғанды қалаймын", - дейді ол.

Айта кетейік, Әбілқас Павлодарда Астана күніне орай өткен бәйгеге Көккөз есімді сәйгүлігімен қатысып, 14 шақырымдық жолды шауып өтіп, ынталандыру сыйлығына ие болды.

 
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети