17 шілде 2015 15:25

Павлодарда жалаңаш ер адам тал түсте көшеде серуендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Павлодарда тал түсте ер адам жалаңаш серуендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жас жігіттің әрекеті түсірілген видеоны YouTube сайтына Светлана Пантелеева есімді қолданушы жүктеді.


Павлодарда тал түсте ер адам жалаңаш серуендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жас жігіттің әрекеті түсірілген видеоны YouTube сайтына Светлана Пантелеева есімді қолданушы жүктеді.

Кадрдан жалаңаш ер адамның жанармай құю бекетіне қарай бет алғанын байқауға болады. Оның әрекетін автомобиль жүргізушісі мен жолаушысы бақылаған. Таңғалған олар жас жігіттің ізінен жанармай құю бекетіне барды. Видеоға түсіргендер ер адамның есінің дұрыс еместігін айтып жатыр. Автокөліктегілер жеткен кезде жас жігіт ернеуге отырып алған. Кадр сыртынан "Жігіт, сен жалаңашсың ғой! Сен тал түсте қалада жалаңаш жүрсің!", - деген дауыс естіледі. Видеоны түсіріп отырған жігіттерге қараған жалаңаш ер адам киінетінін айтты. Ол осыдан кейін автомобильдегілерді қуалай жөнелді.

Осыған дейін мұндай жағдай Ақтауда да болған еді. 31 мамырда ер адам бір бөтелке арақ ұрламақшы болған, сондықтан оны күзетшілер ұрып-соғып, шешіндіріп, жалаңаш күйі күндіз көшеге қуып шыққан көрінеді. Видеодан ер адамның дүкендегі қыздарға барып, жамылатын бір нәрсе сұрағанын көруге болады, қыздар оған футболка берді. 

Сонымен қатар, жақын арада Instagram желісінде ер адамның Астана көшелерінде жалаңаш жүргені түсірілген видео пайда болды. Видеода ер адамның еш ұялмастан елордадағы Уәлиханов көшесі бойымен серуендеп жүргені бейнеленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети