25 мамыр 2015 18:20

Ресей саяхатшысы Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінің үстінде селфи жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінің үстінде түсірілген селфи Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінің үстінде түсірілген селфи

Ресейдің саяхатшысы Арсений Ольденбургский Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінің үстінде селфи жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейдің саяхатшысы Арсений Ольденбургский Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінің үстінде селфи жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан" қонақ үйі - республиканың тәжі. Тез жатталатын сәулеті арқылы қаланың ғана емес, елдің символы әрі көрікті жері", - деді ол.

 

Сонымен қатар, саяхатшы қаланы "Нұрлы Тау" бизнес орталығының үстінен суретке түсіріп алды.

Кіші Алматы шатқалының шығыс бағытының көрінісі.

Саяхатшы Ольденбургский баратын елдерінде өзгеше ракурстан сурет түсіруді әдетке айналдырған. "Қалаларда өзгеше сәулет, ерекше құрылыс, көшелердің, саябақтардың, даңғылдардың жоба геометриясы қызықтырады. Қаланы, оның әдемілігін биіктіктен түсіріп қана көрсетуге болады", - деді ол. 

Бұған дейін ол "Астана-Триумф" зәулім үйінің үстінде селфи түсірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети