"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Назарбаевтан өз құзыретін кеңейтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Назарбаевтан өз құзыретін кеңейтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысы барысында Шөкеев қорды өзгерту шеңберіндегі ойда бар дүниелерді жүзеге асыру үшін тәртіптің қажет екенін айтты. "Өзгертулер шұғыл әрі тікеден-тік орындалу үшін", - деді қордың басшысы.
"Ол тәртіпті кім орнатады?", - деп сұрады Назарбаев. "Өзгертулер тәртібі дегенім ғой, бүкіл холдинг бойынша сондай команданы тікеден-тік жіберу үшін менде құқықтың болғанын қалаймын", - деп жауап берді Өмірзақ Шөкеев.
"Сені тыңдамай ма?", - деп сөзін жалғады Президент. "Тыңдамайды дегенде, мысалы, мен өкілдіктер бойынша (Шетелдегі "Самұрық-Қазына" - Авт.) бір жыл бұрын басқарма шешімін шығардым, бірақ түрлі себептермен ол өкілдіктер әлі жабылған жоқ", - деді Шөкеев.
"Сен жассың, білімдісің, күшің тасып тұр, саған өкілеттілік берілді, қызметің бар, сен мені тыңдамайды деп шағымданбақшысың ба? Тыңдаудың өзі ыңғайсыз. Кім тыңдамайды, ал айт? "Самұрық-Қазынада" Өмірзақты кім тыңдамайды?", - деп сұрады Мемлекет басшысы. "Ол жерде мүдде жетерлік, маған сіздің бір ауыз сөзіңіз керек, болды", - деп жауап берді Шөкеев.