07 сәуір 2015 15:17

Үндістан азаматы жыланға үйленбек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Үндістанның солтүстігіндегі Урттар-Прадеш штатының тұрғыны жыланға үйленбек болды, - деп хабарлайды The Daily Mirror.


Үндістанның солтүстігіндегі Урттар-Прадеш штатының тұрғыны жыланға үйленбек болды, - деп хабарлайды The Daily Mirror.

27 жастағы Сандип Патель өзі ғашық болған жылан бұрынғы өмірінде сұлу қыз болған деп ойлайды. Оның айтуынша, түнде ол тылсым күш арқылы жыланға айналып, өзінің сүйіктісімен тілдеседі екен. Жергілікті шіркеулердің бірінде өткен некелесу рәсіміне 15 мыңға жуық адам жиналыпты. Дегенмен, Үндістан полицейлері рәсімді тоқтатып, үйленгелі жатқан жігіт пен оның әкесін қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұстап әкетті. Қонақтар полицей қызметкерлерінің ісіне наразылық білдірген. Сол себепті тұрғындарды арнайы жасақ шақырып, үйлеріне таратуға тура келген.

Айта кетейік, бұл Үндістан тарихындағы алғашқы "ерекше" үйлену тойы емес. Осыған дейін Джаркхан тұрғыны Мангли Манда қарғысқа ұшырағаны үшін күшікке үйленбек болғаны хабарланған еді. Бұл шешімді ауыл ақсақалдары қабылдаған. Ауыл даналарының айтуынша, осы неке ғана қызды қарғыстан құтқарады. Олардың пайымдауынша, дуа қыздың бірінші отбасына бақытсыздық әкеледі. Сондықтан, қыздың әкесі көшеден күшік тауып әкеліп, қызын күшікке күйеуге бермек болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети