17 қаңтар 2017 11:34

Ургант рұқсатсыз қолданған видео үшін қазақстандыққа қаламақы төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Иван Урганттың "В поисках Дон Кихота" бағдарламасының авторлары қазақстандық Алина Мұстафинаның видеосын бағдарламада рұқсатсыз қолданғандары үшін қаламақы төлеуге келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иван Урганттың "В поисках Дон Кихота" бағдарламасының авторлары қазақстандық Алина Мұстафинаның видеосын бағдарламада рұқсатсыз қолданғандары үшін қаламақы төлеуге келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші арнаның баспасөз қызметіндегілер таратқан хабарламада жоба режиссері Валерий Спириннің Мұстафинадан кешірім сұрағаны айтылады. "Біз бұл мәселені шештік, расында да испан телеарналарынан алған Каталонияның тәуелсіздігіне арналған материалдарда біздің режиссер Алина Мұстафина есімді YouTube қолданушысына тиесілі кадрларды алған. Бұл біздің тараптан кеткен қателік, әдейі жасаған жоқпыз. Бірақ енді қателік болды", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Алина Мұстафина Tengrinews.kz тілшісіне режиссердің қоңырау шалып, кешірім сұрағанын айтты. Алайда қазақстандық журналист ресейліктердің қанша қаламақы төлейтінін нақтыламады.

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық журналист Алина Мұстафинаның видеосы үшін Урганттан ақша талап еткені хабарланған болатын. Алина Мұстафина бұл видеоны бағдарламадан кездейсоқ көріп қалған. Оның айтуынша, ол бастапқыда ұқсас видеолар екен деп ойлаған, алайда кейіннен видеоларды салыстырып, расында да оның видеосы қолданылғанын түсінген. Сондықтан Алина Мұстафина бағдарлама авторларының авторлық құқықты бұзғанын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети