01 қараша 2014 23:22

"Астана аруы-2014" анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана аруы-2014" Әсия Әбісова. ©Тұрар Қазанғапов "Астана аруы-2014" Әсия Әбісова. ©Тұрар Қазанғапов

"Астана аруы-2014" анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Астана аруы-2014" байқауының финалы 1 қараша күні Astana-Marriott қонақ үйінде өтті.


"Астана аруы-2014" анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Астана аруы-2014" байқауының финалы 1 қараша күні Astana-Marriott қонақ үйінде өтті.

Әсия Әбісова "Астана аруы-2014" титулын иеленіп, жеңімпаз атанды. Бірінші вице-мисс атағы Әсел Мұсалдиноваға берілді, ал екінші вице-мисс Мәрияш Биғалиева болды. Осы үш ару 28 қарашада Алматыда өтетін "Қазақстан аруы" байқауына Астана қаласының атынан қатысады. Ал үшінші вице-мисс атағына Айдана Құлшыманова лайық деп танылды.

Сонымен бірге, түрлі аталымда демеушілер Диана Смайылова, Аружан Сәндібай, Әсел Мұсалдинова, Кристина Межинская, Әсия Әбісова, Лейла Асанова және Гүлжан Шаймаховаға ынталандыру сыйлығын берді. Маймұна Ғалиева бас демеушінің арнайы сыйлығына және 2015 жылы Еуропада қазақстандық брендтердің бірін таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Конкурс барысында қыздар төрт түрлі киіммен сахнаға шықты: таныстыру киімі, дизайнер Қайролла Әбішев дайындаған ұлттық киім, би және кешкі көйлек коллекциясын таныстыру. Қатысушы қыздардың қызығушылықтары әртүрлі - олардың арасында футболға, балетке, музыкалық аспаптарда ойнауға қызығатындары да бар екен, сонымен бірге Шаханов пен Достоевскийді оқитынын айтқандар болды және өздері бұл байқауда жеңіп шығатынына сенім білдірді.

Қатысушыларды құрамына "Қазақстан аруы" дирекциясының өкілі Совет Сейітов, "Астана аруы-2014" байқауының директоры Ольга Радеш, тележүргізуші Салтанат Түгелбаева, демеуші Алина Жогулова, 24KZ телеарнасының директоры Александр Аксютиц, каратэ бойынша әлем чемпионы Айдар Махметов, журналист Шынар Оспанова, "Отбасым" ұлттық құндылықтар орталығының директоры Нұржамал Жақыпова, журналист Ирина Тен кіретін қазылар алқасы бағалады. 

Ұйымдастырушылар үш кастингке екі жүзден астам үміткердің қатысқанын, қорытындысында финалған тек 18 қатысушы іріктелгенін және оның үшеуі ғана "Қазақстан аруы" байқауында Астана атынан шығатынын айтты.

"Қыздардың жасы 16-27 жас аралығында. Байқауға қатысушыларға мынадай талаптар қойды: бойы 168 сантиметрден биік, келбеті әдемі, дене пішіні сымбатты болуы керек, - деді ұйымдастырушы баспасөз мәслихатында.

"Қазақстан аруы-2014" 28 қарашада Алматы қаласында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети