19 мамыр 2015 16:42

Биыл "Қазақстан аруы" байқауына модельдер де қатыса алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруының" тәжі "Қазақстан аруының" тәжі

Биыл "Қазақстан аруы" байқауына модельдер де қатыстырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Биыл "Қазақстан аруы" байқауына модельдер де қатыстырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, misskazakhstan.kz ресми сайтында ұлттық "Қазақстан аруы-2015" сұлулық байқауына тіркелу басталды. 16-27 жас аралығындағы кез келген ару байқаудың қатысушысы атана алады. Алайда биыл бұл байқауға модельдер де қатысады, олар үшін жеке форма жасалған, онда агенттік өкілдері бірнеше модельді бірден тіркей алады.

"Тіркелу үшін небәрі сауалнама толтырып, суреттерді жүктеп, ұйымдастырушылардан хат күту керек. Іріктеу комиссиясы әрбір сауалнаманы қарап, ең сұлу және дарынды аруларды бетпе-бет кастингке шақырады. Сауалнамада өзің туралы қызығырақ етіп баяндап бер деген талап бар, әуестігіңді, дарыныңды, тілдерді меңгергеніңді көрсеткен жөн. Өйткені "Қазақстан аруы" байқауы жыл сайын өте сұлуларды ғана емес, сондай-ақ бүкіл республиканың дарынды әрі білімді аруларын жинайды", - делінген басқарманың хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2014 жылы "Қазақстан аруы" байқауының тарихында алғаш рет сауалнаманы кез келген ару толтыра алады деген кезде сайтқа 2 мыңнан аса өтінім келіп түскен. Олардың ішінен 100 ару таңдалып, онлайн-дауыс беру басталды. Байқаудың финалына бес қатысушы шығып, Қазақстанның ең сұлу аруы деген титул алматылық Регина Вандышеваға бұйырды. Оған 5 мыңнан аса көрермен дауыс берген. Жеңімпаз ақшалай жүлде 1 миллион теңгеге ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети