17 қазан 2014 14:35

Қазақстандық модель Токиодағы сән апталығына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бибісара Шарипова. ©Thefashionspot.com Бибісара Шарипова. ©Thefashionspot.com

Bibi деген атпен белгілі қазақстандық модель Бибісара Шәріпова Токиодағы сән апталығына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Bibi деген атпен белгілі қазақстандық модель Бибісара Шәріпова Токиодағы сән апталығына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бибісара House of Holland, TAE ASHIDA, Né-net сияқты белгілі сән үйлерінің коллекцияларын жарнамалады. Сән агенттігінің директорлары қазақстандықтың сырт келбетінің қайталанбайтын қырларын назарға алып отыр. Әсіресе, оның азиялық қара-қоңыр көзі, қара шашы, томпиған ерні мен салқын көзқарасын атап өтті.

Bibi өзінің мансап жолын Алматыда бастады, онда ол модельдер байқауына қатысқан. 2008 жылы Top Model Asia финалисі атанған қазақстандық модель Нью-Йоркқа жұмыс істеуге шақыртылады. Содан бері ол Милан, Нью-Йорк, Париж сән апталықтарына қатысып, United colors of Benetton, Forever yours кампанияларының жарнама тұлғасы болды. Vogue, Dichun, Grazia журнал беттерінде Бибісара Шәріпованы талай кездестіруге болады. 

Айта кетейік, қазақстандық тағы бір модель - Алена Субботина модель бизнесінде ерекше сұраныста. Ол Нью-Йорк, Барселона, Париж қалаларындағы сән апталықтарын бірнеше мәрте бастап ашқан. Қазір ол Құрама штаттарда жұмысын жалғастырып жүр. Ал жақында ол Armani сауда белгісінің жарнама тұлғасы болды. Оның суреттерін дизайнердің барлық фирмалық дүкендері мен ресми сайтында көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети