23 ақпан 2015 16:40

"Оскар-2015" марапатындағы жұлдыздар киген киімдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скарлетт Йоханссон. ©spletnik.ru Скарлетт Йоханссон. ©spletnik.ru

22 ақпанда кино жұлдыздары "Оскар-2015" сыйлығын табыс ету салтанатының қызыл кілемшесімен жүріп өтті, - деп хабарлайды TengrinewsTV


22 ақпанда кино жұлдыздары "Оскар-2015" сыйлығын табыс ету салтанатының қызыл кілемшесімен жүріп өтті, - деп хабарлайды TengrinewsTV

Актриса Джулианна Мур Chanel сән үйі тіккен жылт-жылт ететін киіммен келді, Фелисити Джонс пен Эмма Стоун жарқырауығы бар көйлек киді. Сонымен қатар, актрисалар металл түстес киімдерді көбірек таңдапты. Мәселен, Дженнифер Энистон Versace брендінің және Анна Фарис Zuhair Murad брендінің сән үлгісінде көрінді. Дженнифер Лопес пен Эмма Стоун Elie Saab көйлектерін киді. Наоми Уоттстің кигені - Armani Prive сән үйінің қара бисері бар көйлек. 

Айта кетейік, "Оскар" жүлдесінің қызыл кілемшесінде кейбір селебрити қазіргі сәнде тренд болып жатқан киімдерден бас тартқан екен. Оған қызыл түсті көйлек киген Розамунд Пайк дәлел. Оның киімі Givenchy сән үйінің арнайы торлы тігісімен әрленген. Ал Скарлетт Йоханссон Versace брендінің қою жасыл киімінде көрінді. Екінші пландағы үздік актриса атанған Патриция Аркетт тенденцияны бұзып, ақ-қара көйлек киім келді.

Еске сала кетейік, Американың киноөнер академиясы кино саласындағы үздіктерді таңдаған болатын. "Оскар-2015" жүлдесін "Үздік фильм" аталымы бойынша режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Бердмэн" картинасы жеңіп алды. "Оскар" жүлдесінің 87-марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети